Жан Морис: Бүгін алдыңғы матчтарға қарағанда тәуір ойнадық 

Жан Морис: Бүгін алдыңғы матчтарға қарағанда тәуір ойнадық 

«Ақтөбе» шабуылшысы Жан Морис қарағандылық «Шахтерге» (1:1) қарсы өткен ойын жайында пікірін айтты. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлайды. <br /><br /> - Бүгін қиын ойын болды. Біз чемпионаттағы үш жеңілістен соң, Кубок жолынан шығып қалған соң бүгін жеңіске жеткіміз келді. Бүгін алдыңғы матчтарға қарағанда тәуір ойнадық. Егер біз осылай барымызды салып ойнай беретін болсақ, жағдайымызды жақсартып алатынымызға сенемін. Біз қазір төменгі орындарда келеміз, алайда мен турнирлік кестеде жоғары көтерілетіндігімізге сенемін. Біз бүгін өзіміз үшін, жанкүйерлер үшін жеңгіміз келді, - деді Морис.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или