Владимир Журавель: Бүгін бізге екі бірдей тапсырманы орындау қажет еді

Владимир Журавель: Бүгін бізге екі бірдей тапсырманы орындау қажет еді

«Шахтердің» бас бапкері «Ақтөбеге» қарсы матчтан кейін өз пікірімен бөлісті. Бұл туралы «Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі жазды.

- Бәрін өздеріңіз көрген боларсыздар. Ойын толықтай біздің бақылауымызбен өтті деп санаймын. Бүгін бізге екі бірдей тапсырманы орындау қажет еді. Мығым қорғанысты бұзып, шабуылшыларға жылдам қарымта шабуылға шығып кетуге тосқауыл болу. Өйткені олардың бір-екі ойыншысы алда қалып, бізге қауіп төндіріп тұрды. Ойын басында өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Сондай жағдайда не болатынын өздеріңіз де білесіздер... Біздің қақпамыз алдындағы алғашқы қауіпті шабуыл голға айналды. Үзіліс кезінде жігіттерге қысымды үдету керектігін, қорғанысты бұзу керектігін айттым. Міндетті түрде мүмкіндік болатынын білдік. Өміртаевтың шыға сала гол соққанына ризамын, - деді Журавель.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или