Владимир Муханов: Барлық ойыншылар тырысып бақты

Владимир Муханов: Барлық ойыншылар тырысып бақты

«Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Муханов «Шахтерге» қарсы матчтан кейін өз әсерімен бөлісті. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

- Ойын біз үшін маңызды болды. Біз бұған дейін барлық дерлік ойындарымызды Шымкентте өткізген болатынбыз. Сосын Кубокте нашар ойнадық. Команда қауқарсыздық танытып жатты. Оның үстіне, бізде жарақат алған ойыншылар көп.Әсіресе қорғаныс шебіндегі ойыншылар жарақаттанды. Сол үшін қорғаныс ойыншылары өте аз еді. Миличевичті орталық қорғанысқа қоюға мәжбүр болдық. «Шахтерды» зерттедік. Алаң иелерінің қалай ойнайтындығын білдік. Оларға саналы түрде допты беріп қойдық. Қорғаныстың бірінші сызығындағы мәселелерді ескеріп, алаң ортасын бекем ұстауға тырыстық. «Шахтер» бірінші таймда бір-екі мүмкіндікке ие болды. Жалпы алғанда қорғаныс шебі өз міндетін мүлтіксіз орындап жатты. Ойынның өрбу барысына қарамастан, бірінші болып есеп аштық. Себебі бір команда көп шабуылдаған еді - екінші команда гол соқты. Екінші таймда ойынға алған жоспарды өзгерткен жоқпыз. Біздің ойыншыларымыз тәртіпті жиі бұзды. Бітпейтін стандарттар мен әуелетілген пастар... Қарсылас допты тек әуеге көтерумен болды, үнемі қысым жасап бақты. Өкінішке орай, бір эпизодта біз көз жазып қалдық. Допты стандарттан жібердік. Қайталап айтайын, бұл біздің бүгінгі таңдағы ең әлсіз тұсымыз. Басқа нәрсені айтып өту керек. Біз соғылған голға лайықты жауап қата алдық. Біз жеңісті жұлып әкететін екі мүмкіндікке ие болдық. Марьянович... Ондай жерден гол соғу керек. Бары осы. Бүгінгі ойынға шыққан барлық ойыншылардың ойынға жүрдім-бардым қарамағанын атап өтуім керек. Бәрі ойнады, тырысып бақты, - деді Муханов.

Айта кетейік, ел чемпионатының 6-турынжағы «Шахтер» - «Ақтөбе» матчы 1:1 есебімен аяқталған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или