Венгер клубтан кететінін неге қазір айтты

Венгер клубтан кететінін неге қазір айтты

Goal басылымы «Арсеналдың» бас бапкері Арсен Венгердің өз қызметінен кететінін неге қазір айтқанын түсіндірді.

Басылым ақпаратына сүйенсек, франциялық маман клуб басшылығына өзінің осы ниетін 20 сәуірде жаттығу алдында айтқан. Осы арқылы ол Еуропа лигасының жартылай финалындағы «Атлетикоға» қарсы матчтар алдында команда ойыншыларын тұтас қылып, бірлік атмосферасын орнатқысы келген. Еуропа лигасы бүгінде «Арсенал» үшін ең маңызды турнир саналады. Бұл жарысты жеңсе, «зеңбірекшілер» келесі маусымда Чемпиондар лигасында ойнайды.

Бірақ Венгер футболдан түпкілікті кетпек емес. Ол ұлттық құрамалардың бірін жаттықтыруды немесе клубтық спорт директоры болуды қалайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или