Карл-Юхан Юнсон: Ибрагимовичтің құрамаға оралуы Швецияға қиындық тудырады

Карл-Юхан Юнсон: Ибрагимовичтің құрамаға оралуы Швецияға қиындық тудырады

Швеция құрамасы мен франциялық «Генгамның» қақпашысы Карл-Юхан Юнсон Златан Ибрагимовичтің ұлттық командаға оралуына қарсы.

«Сөзсіз, мұндай шешімді бапкер қабылдайды. Бірақ біз әлем чемпионатына Златансыз өттік. Бізде жақсы команда жиналған, ал ол жеке ойнағанды жақсы көреді. Бұл біздің ұжымға кері әсерін тигізеді. Себебі біз оның ойынына үйлесу үшін өз жүйемізді өзгертуіміз керек болады. Оның құрамаға оралуы үлкен қиындық тудырады», - деді Юнссон.

Айта кетейік, Златан Ибрагимович 2016 жылғы Еуропа чемпионатынан кейін құрамадағы мансабын аяқтаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или