Чебурин Литваны екінші рет бағындырмақ
Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин жаттықтыратын литвалық «Судува» ұлттық біріншілікте көш бастап келеді.
Литва чемпионатының 8-ші турында «Судува» сырт алаңда «Стумбрасты» 1:0 есебімен ұтты. Жалғыз голды 14-минутта Андро Сврлюга соққан.
8 турдан соң Чебуриннің шәкірттері 22 ұпай жинап, көш бастап тұр. Екінші орындағы «Жальгиристе» 15 ұпай ғана бар.
Естеріңізде болса, былтырғы маусымда Чебуриннің командасы өз тарихында алғаш рет ел чемпионы атанған болатын. Сондай-ақ, Еуропа лигасының үш іріктеу кезеңінен өтіп, тек плэй-оффта ғана ұтылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или