«Уфаның» бас бапкері: Еркебұланның алаңға қашан оралатыны белгісіз

«Уфаның» бас бапкері: Еркебұланның алаңға қашан оралатыны белгісіз

<span>Ресейлік «Уфа» футбол клубының бас бапкері Сергей Семак қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахметтің жарақаты жайлы айтып берді.</span>

<span>18 жасар футболшы жаттығулардың бірінде жарақат алған және оның жасыл алаңға қашан оралатыны белгісіз болып отыр. «Қазақтың Мессиі» «Уфаның» ЦСКА-ға қарсы өткізген соңғы ойынына қатыспады.</span>

<span>«Уфаның» бас бапкерінің сөзінше, Еркебұлан Сейдахмет қазіргі таңда жарақатынан емделіп жатыр және оның жасыл алаңға қашан оралатыны әлі белгісіз.</span>

<span>- Еркебұлан, жаттығуда жарақат алып қалды. Жарақатының қаншалықты ауыр екені алдағы уақытта белгілі болады. Қазіргі уақытта ол емделіп жатыр. Әзірге қандай жарақат алғаны және қашан жасыл алаңға оралатыны белгісіз болып отыр, - деді Сергей Семак.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или