ҚФФ «Рубин» клубын мерейтойымен құттықтады

ҚФФ «Рубин» клубын мерейтойымен құттықтады

Бүгін, 20 сәуір, ресейлік «Рубин» футбол клубы 60 жылдық мерейтойын тойлауда.

ҚФФ татарстандық клубты мерейтойымен құттықтады. 

«Рубин» футбол клубы – Ресейдің екі дүркін чемпионы, Ресейдің екі дүркін қола жүлдегері, Ресей Суперкубогының екі дүркін иегері. Қазандық «Рубин» клубының тамаша материалдық-техникалық базасы мен балалар академиясы бар. Клубтың барлық құрылымын жан-жақты дамытуға назар бөледі.

Қазандық клубтың дамуына біздің отандасымыз Құрбан Бердыев елеулі үлес қосты. Оның еңбегін мақтан тұтамыз. Құрбан Бердыев бастаған «Рубин» клубының мамандары «Вперед, Футбол! Алға, QAZAQSTAN!» стратегиясын дайындауға кеңестерін аямады.

«Рубин» футбол клубын 60 жылдық мерекесімен құттықтаймыз! Ішкі біріншілік пен еурокубок турнирлерінде табыс тілейміз!<span>», - делінген құттықтауда. </span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или