Кисслинг «Фейсбуктегі» парақшасын жойды
<p>
<strong>«Байер» футбол клубының шабуылшысы Штефан Кисслинг «Фейсбуктегі» ресми парақшасын жойды. Себебі футболшыға «Хоффенхайм» қақпасына соққан голынан кейін жанкүйерлер тарапынан айбат сөздер жазылған.</strong></p>
<p>
Штефан Кисслинг жанкүйерлердің қауіп-қатерінен «Фейсбуктегі» парақшасын жоюға мәжбүр болды. «Хоффенхайм» қақпасына шын мәнінде кірмеген гол есептелген соң жанкүйерлер ойыншыға төне бастады. </p>
<p>
«Мен үшін бұл оңай болған жоқ. Енді жағдай түзелер деп үміттемін. Гол соғылған кезде мен төрешенің қасына бармадым, өйткені соққыдан кейін голдың кірген-кірмегенін анық аңғарған жоқпын», – дейді Кисслинг Express.е сайтына.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или