Венгрия елшісі «Астана» футбол клубының кеңсесінде қонақта болды

Венгрия елшісі «Астана» футбол клубының кеңсесінде қонақта болды

Бүгін «Астана» футбол клубының кеңсесіне Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Барани келді. 

Елші мен оның әйеліне клуб кеңсесі көрсетіліп, сондай-ақ, «Астана» футбол клубының және Венгрия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслермен және оның әйелімен кездесу ұйымдастырылды. 

Ласло мен «Астана» футбол клубының атқарушы директоры Қайсар Бекенов елшіге өзінің сүйікті 27-ші нөмірі белгіленген ойын формасын және естелік сыйлықты табыс етті. 

Андраш Барани өз кезегінде екі елдің достығы туралы жылы лебізін білдіріп, жақында ғана өткен Қазақстан және Венгрия құрамалары арасындағы жолдастық кездесуді еске алып, өз жерлесінің төрт дүркін чемпиондар сапында көрсетіп жатқан ойынына ерекше баға берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или