Әлім Ілиясов клуб тарихындағы ең жас ойыншылардың «бестігіне» енді

Әлім Ілиясов клуб тарихындағы ең жас ойыншылардың «бестігіне» енді

«Астана» командасы «Мақтаралға» қарсы Кубок жолындағы кездесуге толықтай жастар құрамымен барды. Осылайша, негізгі команда сапында біршама ойыншылар дебютті кездесулерін өткізуге мүмкіндік алған еді. 

Осы ойыншылардың ішінде «Астана» және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қорғаушысы Әлім Ілиясов ең жас дебютант атанды. 

«Астана» футбол орталығының тәрбиеленушісі 18 жасқа толуына 4 күн қалғанда негізгі құрам сапындағы алғашқы ойынын өткізді. 

Әлімнің алдында негізгі құрам сапында небәрі төрт ойыншы – Мәди Жақыпбаев (15 жас 11 ай), Абзал Бейсебеков (16 жас 4 ай), Сұлтан Сағнаев (16 жас 9 ай) және Владислав Прокопенко (16 жас 11 ай) дебютті кездесулерін өткізген. 

 

Клуб тарихындағы ең жас ойыншылар: 

О Аты-жөні Күні Жасы 

1 Мади Жақыпбаев 12.03.2016 15 жас 11 ай 21 күн 

2 Абзал Бейсебеков 06.04.2009 16 жас 4 ай 7 күн 

3 Сұлтан Сағнаев 06.11.2016 16 жас 9 ай 3 күн 

4 Владислав Прокопенко 25.06.2017 16 жас 11 ай 25 күн 

5 Әлім Ілиясов 18.04.2018 17 жас 11 ай 26 күн

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или