Рамазан Каримов: Клубтың абыройы үшін жақсы нәтижеге жетуге тырыстық

Рамазан Каримов: Клубтың абыройы үшін жақсы нәтижеге жетуге тырыстық

«Астана» командасы ҚР Кубогының 1/8 финалы аясында «Мақтарал» командасына қарсы ойнап, сырт алаңда 3:1 есебімен жол берді. 

Еске сала кетейік, аталмыш кездесуде бапкерлер құрамының шешімімен толықтай жастар алаңға шыққан болатын. 

Осы кездесуде негізгі ортылық шабуылшының қызметін атқарған Рамазан Каримов клубтың баспасөз қызметіне ойын туралы пікірімен бөлісті:

- Ойын тұрғысында қарсылас команда бізден басым болды деп айта алмаймын. Кездесудің алғашқы таймында және екінші кезеңінде де бізде гол соғатын мүмкіндіктер болды. Алайда, өзімізде болған гол соғатын мүмкіндіктерді пайдалана алмадық. Одан бөлек, қарсылас команда қорғаныстағы жекелей қателіктерімізді оңтайлы пайдаланып кетті. Дегенмен, біз Астананың намысы үшін жақсы нәтижеге жетуге тырыстық. 

- «Мақтарал» командасы сапындағы тәжірибелі қорғаушыларға қарсы ойнау қаншалықты қиын болды?

- Мен жалпы алаңға өз ойынымды көрсету үшін шығамын. Мен үшін кімге, қандай командаға қарсы ойнап жатқандығым аса маңызды емес. Әрине, тәжірибелі қорғаушыларға қарсы жекелей теке-тіресте аздап қиындықтардың болғаны рас. Алайда, мен өз ойынымды ойнауға тырыстым. 

- Команда күнтізбесі өте тығыз. Үш күн сайын алаңға шығуға тура келеді. Оның үстіне оңтүстік өңірден, келесі ойын үшін солтүстікке барасыздар. Осы тұрғыда қалыпқа келу жағынан қиындықтар орын алып жатқан жоқ па?

- Біз оқу-жаттығу жиынында дәл осындай күнтізбеде дайындылғандықтан, қалыпқа келу тұрғысында ешқандай қиындық болмайды деп ойлайымын. Бұйырса, алдағы ойында жеңіске жету үшін барымызды салатын боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или