Еркебұлан Сейдахмет үшін маусым аяқталды ма?

Еркебұлан Сейдахмет үшін маусым аяқталды ма?

Еркебұлан Сейдахмет өзінің Instagram парақшасында маусыммен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірнеше минут өткен соң Еркош бұл жазбасын өшіріп тастады. Сейдахмет бұл жазбаны жайдан-жай жазбағаны анық. Соған қарағанда Еркебұланның жарақаты осы маусымда жасыл алаңға шығуға кедергі болатын сыңайлы.

Естеріңізде болса Еркош «Уфа» командасымен осы жылдың ақпанында келісімге отырған болатын.

Жаңа командасындағы алғашқы ойынында екі голдың соғылуына мұрындық болып, командасы жеңіске жеткен.

Еркебұлан Ресей премьер лигасы аясында болған «Арсеналмен» ойында жарақат алды.

Он сегіз жасар ойыншы Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойынында Венгрия қақпасынан саңлау тауып, біздің құрама жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или