«Бернли» - «Челси»: Алаң қожайындары тағы жеңіске жетеді

«Бернли» - «Челси»: Алаң қожайындары тағы жеңіске жетеді

«Реал Сосьедад» - «Атлетико»

Испания чемпионаты мәресіне жетуге дайын. 33-ші тур ойындары өтіп жатқандығы белгілі. Бұл турда «Барселона» да «Реал» да жеңіске жете алмай бір ұпайды қанағат тұтты.

Бүгін екінші орында келе жатқан «Атлетико» «Реал Сосьедад» командасына қонаққа барады.

«Атлетико» бірінші орындағы  «Барселонаны» қуып жете алмайтындығын білсе де үшінші орындағы  Реалдан» ұзап кеткісі келетіндігі анық.

Алаң қожайындары да келгеннің бәріне үш ұпай ұстатып жіберетін командалар қатарында емес. Тең ойынның куәсі болуымыз да мүмкін.

Болжам: Екі команда да гол соғады. 1.93 коэфицент.

«Бернли» - «Челси»

«Бернли» командасына қандай мақтау айтса да жарасады. АПЛ аясында өткен соңғы бес ойынның бесеуінде де жеңіске жетті. Алғашқы айналымда «Челсиді» сырт алаңда жеңіп кеткені тағы бар. Бүгін де үш ұпай ұстауды теріс көрмейді. Біз де «Бернлиге» сенеміз.

Болжам: Алаң қожайындарының жеңісі 4.42 коэфицент.

«Лестер» - «Саутгемптон»

Бұл кездесуде букмекерлер басымдықты алаң қожайындарына беріп отыр екен. Біздіңше бұл қате пікір. «Лестер» командасына қазір жеңістің еш қажеттігі жоқ. Қоржынға түсетін үш ұпай көп нәрсені өзгерте қоймайды. Ал «Саутгемптонға» әр ұпай ауадай қажет. Премьер лигада қалуды көздесе бүгінгі ойында қалай да ұпай ұстауы керек.

Болжам:  «Саутгемптон» командасының фора 0-мен жеңісі. 2,33 коэфицент. 

Үш болжамның қосындысы 19,88 коэфицентке тең.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или