Руслан Есімов: Намысты қолдан жібермей, жеңіске қол жеткіздік
«Ертіс» капитаны «Тараз» ФК-мен өткен ойын жайлы өз пікірін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Руслан Есімов ойыннан кейінгі пенальти сериясында соңғы болып соққы жасап, кездесудің нүктесін қойған еді. <span><br /><br />- Кубок ойындары әрқашанда мықты қарсыластықпен өтеді. Команда Бірінші немесе Премьер Лигада өнер көрсететіндігі еш маңызды емес. Өйткені матчтар оңайға соқпайды. Намысты қолдан жібермей, жеңіске қол жеткізіп, келесі кезеңге өттік. Үш ойын да сырт алаңда. Сондықтан команда әрқашан да дайындық үстінде. Барлығы да нәтиже әкелу қажет екендігін жақсы түсінеді. Сол мақсатқа жетіп келеміз. Әрі қарай да жеңіске жетіп, жанкүйерлерімізді қуантуға тырысамыз. Енді Талдықорған қаласында өтетін матчқа дайындаламыз. Айтпақшы, Таразға Павлодардан келіп, бізге қолдау көрсеткен жігіттерді көргенімізге қуаныштымыз. Олар командаға үлкен көмек көрсетті. Кей уақытта олардың дауыстары жергілікті жанкүйерлерден де қатты шыққандай болды. Алыс сапар жасағандары үшін, жігіттерге рахмет айтамыз!, - деді Есімов. </span>