АПЛ маусымның үздік ассистентіне жүлде табыстайды

АПЛ маусымның үздік ассистентіне жүлде табыстайды

Англия чемпионатында жаңа жүлде пайда болды – «Плеймейкер». Бұл жүлдені бір маусымда ең көп нәтижелі пас берген ойыншы алады.

Биылғы маусымда бұл жүлдеге «Манчестер Ситидің» үш ойыншысы үміткер болып отыр – Кевин Де Брюйне (15 нәтижелі пас), Лерой Сане (12) және Давид Сильва (11). Ол чемпионат біткен соң табысталады.

Айта кетейік, АПЛ-да жеке жүлделер ішінде көп гол соққан футболшыға берілетін «Алтын бутса» мен көп матчта өз қақпасына гол жібермеген қақпашыға табысталатын «Алтын қолғап» бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или