Владимир Мұханов: Стандартты жағдайда нашар ойнауымыз матч тағдырын шешті

Владимир Мұханов: Стандартты жағдайда нашар ойнауымыз матч тағдырын шешті

«Ақ-қызылдар» бас бапкері Владимир Мұханов «Қайсар» мен «Ақтөбе» арасындағы Қазақстан Кубогының 1/8 финалдық ойынынан кейін өз пікірін айтты. Бұл туралы «Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі жазды.

- Бізде көптеген ойыншылар жарақат алып қалғанын айтқым келеді. Олардың жоқтығы білінді, себебі ол ойыншылар әуедегі допқа таласа алатын еді. Соның себебінен стандартты шабуылдарда кемшін түсіп жаттық. Ойын тек бір команданың шабуылымен ғана өткен жоқ. Біз қарымта шабуыл жасауға тырыстық, бірінші таймды да белсенді бастадық. Өкінішке орай, екі голды стандарттан жіберіп қойдық. Екінші таймға өзгеріс енгіздік. Пиззелли мен Рейналдоны ойынға қостық. Жақсы мүмкіндіктеріміз болды. Алаң иелерінің қарымта шабуылға көшетіндігін білдік. Олардың да есепте еселейтін мүмкіндіктері болды. Бірақ стандартты жағдайда нашар ойнауымыз бүгінгі ойын тағдырын шешіп кетті деп санаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или