Талғат Байсуфинов: Құрамаға шет елден 5 футболшы шақырамыз

Талғат Байсуфинов: Құрамаға шет елден 5 футболшы шақырамыз

21 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов ҚФФ баспасөз қызметіне команданың алдағы оқу-жаттығу жиынындағы жоспарымен таныстырып, селекциялық жұмыстар жөнінде айтып берді.

<span>– Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны ФИФА бекітке уақытта өтеді. Яғни, 2-10 маусым аралығы. Дайындық уақытына екі жолдастық матч жоспарланған. Бірінші ойын 4 маусым күні Әзірбайжан жастар құрамасына қарсы өтеді. Екінші кездесу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұл ойында қарсыласымыз Премьер-лиганың легионерлер құрамасы немесе сол уақытта Астанада жиын өткізетін қазақстандық команда болуы мүмкін.</span>

<span>Алдағы оқу-жаттығу жиынына шетелде ойнайтын бес футболшы шақырту алмақ. Төрт үміткер Беларусь елінің Бірінші лигасында ойнайды. Ал, бір футболшы Бельгияның Екінші дивизионы командасының намысын қорғайды.</span>

<span>Жастар құрамасының Қазақстандағы селекциялық жұмыстарының да тоқтамайтынын айтқым келеді. Премьер-лига, Бірінші және Екінші лига ойындарын жиі қараймыз. Кандидаттар бар. Олардың есімі кейін жарияланады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или