Маевский «Астана» сапындағы 50-ші кездесуін өткізді 

Маевский «Астана» сапындағы 50-ші кездесуін өткізді 

«Астана» Қазақстан Премьер-Лигасының бесінші туры аясында алматылық «Қайратқа» қарсы ойнады. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды. 

<span>Елордалық клуб баспасөз-қызметінің хабарлауынша, осы кездесуде негізгі құрамда алаңға шыққан жартылай қорғаушы Иван Маевский үшін бұл кездесу «Астана» сапындағы 50-ші ойын ретінде тіркелді. Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы осы кездесулерде 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. </span>

<span>Ал «Астана» сапында ең көп ойын өткізген футболшылар тізімін Ненад Эрич (229 ойын) пен Абзал Бейсебеков (216) бастап тұр. Ал үздік ондықта Қазақстанның төрт дүркін чемпиондарының қазіргі құрамынан Дмитрий Шомко (183 матча), Патрик Твумаси (161), Марин Аничич (160), Серікжан Мужиков (132) және Евгений Постников (132) бар.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или