Әлемге әйгілі футболшылар Дубайда жолдастық кездесу өткізді

Әлемге әйгілі футболшылар Дубайда жолдастық кездесу өткізді

Аты аңызға айналған футбол ардагерлері Дубай қаласында бас қосып, жолдастық кездесу өткізді, деп жазады 24.kz.

Алғашқы команданы «футбол королі» атанып кеткен бразилиялық Пеле басқарса, екінші тарапқа Италияның бұрынғы бас бапкері Марчело Липпи жетекшілік етті. Бұған қоса, жасыл алаңға шыққандар арасында 2002 жылғы әлем чемпионы Дида, Ирландия құрамасының бұрынғы үздігі Робби Кин және тағы басқалары бар. Жұлдыздар матчы тең нәтижемен аяқталды. Қорытынды есеп: 11:11.

Ал кәсіпқой мансабында 3 мәрте әлем чемпионы атанып үлгерген Пеле Ресейде өтетін дүниежүзілік додаға қатысты өз пікірін білдірді және онда жерлестері топ жарады деген үмітте.

- 1950 жылғы Әлем чемпионаты Бразилияда өтті және онда жерлестеріміз жеңіліп қалды. Сол кезде әкемнің жылағаны бар. Мен оған «уайымдама, өзім-ақ сен үшін дүниежүзілік доданы ұтып берем» дегенім бар еді. Бұл сәт есімнен ешқашан кетпейді. Өйткені мен әкемді бақытты еткім келді. Өкінішке орай, Бразилия өз алаңында қабылдаған соңғы Әлем чемпионатында да ұтылып қалды. Бірақ биыл жазда Ресейде өтетін жарыста топ жарады деген үміттемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или