Жанкүйерлер «Қайратқа» қарсы кездесудің үздік ойыншысын анықтады

Жанкүйерлер «Қайратқа» қарсы кездесудің үздік ойыншысын анықтады

Қалыптасқан дәстүрге орай, «Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер «Қайратқа» қарсы кездесудің үздік ойыншысын анықтады. 

Еске сала кетейік, Премьер-Лиганың бесінші туры аясында елордалық команда алматылық «Қайратқа» қарсы ойнап, 1:1 есебімен тең түскен еді. Кездесудегі астаналықтардың жалғыз голын Бактиер Зайнутдинов соққан болатын. Жанкүйерлердің 54%-ы 20 жастағы жартылай қорғаушыға дауыс беріп, Бактиер кездесудің үздігі атанды. Айта кетейік, Бактиер жанкүйерлер пікірінше екінші ойын қатарынан үздік ойыншы атанып отыр. 

Екінші орында «Қайратқа» қарсы ойын алдында ҚКФЛ Президенті Олжас Абраевтың қолынан наурыз айының үздік ойыншысы сыйлығын алған Марин Томасов. Дәл осы ойын қортындысы бойынша хорватиялық футболшы ойыншылардың барлық статистикалық мәліметтерін есептейтін Instat Index нәтижесі бойынша үздік атанған еді. 

Ал үздік үштікті «Астана» капитаны Ненад Эрич қорытындылады. Тәжірибелі қақпашы алматылық шабуылшылардың бағыттаған соққыларын кездесу барысында бірнеше рет сәтті қайтара білді. 

Дауыс беру қорытындысы бойынша үздік бестік: 

1.Бактиер Зайнутдинов 53,7% 

2.Марин Томасов 16,9% 

3.Ненад Эрич 9,4% 

4.Патрик Твумаси 6,3% 

5.Дмитрий Шомко 4,7% 

Дауыс беруге 3 353 адам қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или