«Астана» Кубок жолындағы «Мақтаралға» қарсы кездесуге қосалқы құрамын жібереді
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Осы шешім туралы «Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян өз пікірімен бөлісті:</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">- <span> </span></span><span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Дәл мұндай шешімге келуіміздің бірнеше себебі бар. Біріншіден, команда сапындағы – Логвиненко, Мужиков және Шитов сияқты ойыншылар жарақаттарына байланысты қатардан шығып қалғандықтан, команда сапындағы басқа ойыншыларға ауыр жүк артылап тұр. Екіншіден, күнтізбеге байланысты, біз еліміздің өткен маусымда 2-5 орындарға ие болған ең үздік командаларына қарсы қатарынан ойнайтын боламыз. 7 сәуір күні «Ертіске» қарсы кездесу өткізсек, өткен сенбіде 14 сәуір күні «Қайратқа» қарсы ойнадық. Ал 22 сәуір күні бізді Шымкентте «Ордабасыға», ал 29 сәуір күні «Тобылға» қарсы ойындар күтіп тұр. Ал бұл кездесулер тиісінше тыңғылықты дайындықты күтеді. Үшіншіден, көліктік логистика туралы қиындықтар бар және біз бұл шындықты өзгерте алмаймыз. Төртіншіден, «Мақтаралаға» қарсы ойын алдағы күзде жасөспірімдер арасындағы УЕФА Чемпиондар Лигасында өз бақтарын сынайтын жас ойыншыларды іс жүзінде сынап көруге керемет мүмкіндік. Сонымен қатар, біздің жас ойыншылар осы маусымды сәтті бастап, алғашқы екі ойында ірі жеңіске қол жеткізіп үлгерді және біз бұл ойыншыларға «Мақтаралға» қарсы өтетін кездесуде сенім артамыз».</span>