«Ертіс» Тараздағы алғашқы жаттығуын өткізді

«Ертіс» Тараздағы алғашқы жаттығуын өткізді

Тараз қаласындағы алғашқы жаттығу күні. 

Жерард Нус басқарған павлодарлық «Ертіс» Қазақстанның оңтүстік қалалары бойынша сапарларын жалғастыруда. «Қайсар» ФК қарсы өткен ойыннан кейін, жерлестеріміз Тараз қаласына аттанды. 16 сәуір күні команда қосалқы алаңда алғашқы жаттығуларын өткізді. Дайындық үйреншікті жүйе бойынша жүргізілді. Тек, соңғы матчқа қатыспаған футболшылар қосымша жүктемелерді орындады. Естеріңізге сала кетейік, 18 сәуір күні «Ертіс» ҚР Кубогының 1/8 финалдық кезеңінде «Тараз» ФК кездеседі. Матч Тараз қаласының орталық алаңында өтеді. Ойын басталуы сағат 17:00.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или