ӘЧ-2018: Ресейде тағы бір стадион қолданысқа берілді

ӘЧ-2018: Ресейде тағы бір стадион қолданысқа берілді

Тура 2 айдан кейін футбол жанкүйерлері асыға күтіп жүрген әлем чемпионаты басталады. Осыған орай Ресейде тағы бір стадион ресми түрде қолданысқа берілді.

<span>Бұл жолы Екатеринбург қаласындағы спорттық нысанның құрылысы толық аяқталып, ашылу салтанатында оның кілті жергілікті «Урал» командасына табысталды. Негізі бұл жерде бұрын футбол алаңы болды. Ал күрделі жөндеуден кейін іші толықтай жаңартылды. Ал көрермендердің орны 35 мыңға жетті. «Екатеринбург-Аренада» әлем чемпионатының 4 матчы өтеді. Яғни Мысыр мен Уругвай, Франция мен Перу, Жапония мен Сенегал, сонымен қатар Мексика мен Швеция құрамалы осы жерде өзара мықтыны анықтайды. Ал әлем чемпионатының өзі Ресейдің осындай 11 қаласында өтеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или