Верратти: ПСЖ-да қалғаныма қуаныштымын
ПСЖ жартылай қорғаушысы Марко Верратти франциялық командада қалғанына қуанышты екенін айтты.
Маусым басында италиялық хавбек «Барселонаға» ауысуы мүмкін болған еді.
«ПСЖ-да қаламын деп шешкенім үшін қуаныштымын. Дұрыс шешім қабылдағаныма одан сайын көзім жетті. Өз клубымда қалып, армандап жүрген барлық титулымызды жеңіп алғым келеді», - деді Вератти.
Осы маусымда 25 жастағы футболшы ПСЖ сапында Франция чемпионатында 22 матчқа қатысып, үш нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или