Видаль «Реалға» қарсы алғашқы матчқа қатыспауы мүмкін
«Баварияның» жартылай қорғаушысы Артуро Видаль жарақаттанып қалды, ол Чемпиондар лигасының жартылай финалында мадридтік «Реалға» қарсы алғашқы матчқа қатыспауы мүмкін.
Команда жаттығуы кезінде чилилік футболшы тізесін жарақаттап, оны дәрігерлер алаңнан алып кеткен. Бұған дейін де Видальда осындай проблема болған еді, соның салдарынан «Баварияның» бірнеше матчын өткізіп алды.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы «Бавария» – «Реал» матчы 25 сәуірде Мюнхенде өтеді. Қарымта ойын 1 мамырда Мадридте болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или