Марин Томасов – «Астана»- «Қайрат» кездесуінің үздік ойыншысы
«Астана» Премьер-Лига ойындарының бесінші туры аясында алматылық «Қайрат» командасымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.

Аталмыш кездесуде нәтижелі пас бәріп, Бахтиер Зайнутдиновтың гол соғуына мүмкіндік жасаған Марин Томасов ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat Index мәліметтері бойынша үздік атанды. Марин ойындағы нәтижелі әрекетінен бөлек, қақпаға тура соққы бағыттау көрсеткіші бойынша Бактиермен бір қатарда үздік шықты.

Instat Index бойынша екінші орында «Астананың» қос қорғаушысы Дмитрий Шомко мен Абзал Бейсебеков. Дмитрий ойында ең көп пас берсе, ал Абзал техникалық және тактикалық іс-шараларда үздік шықты.

Қонақтар сапында бразилиялық ойыншы Исаэль үздік болды.

Instat Index бойынша үздік бестік:

1.Марин Томасов («Астана») 237

2. Исаэль («Қайрат») 223

3. Исламбек Қуат («Қайрат») 213

4. Абзал Бейсебеков («Астана») 207

5. Дмитрий Шомко («Астана») 206