Адриан Гомез: Жанкүйерлер жəне кеудеңдегі эмблема үшін күресу қажет
Павлодарлық "Ертістің" ойыншысы "Қайсарға" қарсы өткен матчтан кейін өз ойымен бөлісті.
-Өте ауыр кездесу. Біз соңына дейін күрестік. Нəтижесінде бір ұпайға ие болдық. Əрине, жеңіске жеткенміз жақсы еді. Дегенмен тең ойын жаман емес деп есептеймін. "Астанаға" жеңілгеннен кейін біз үшін жағымды нəтижеге жету маңызды болды. Өйткені команда өз алаңымыздағы жеңілістен кейін қатты уайымдады. Сайыс жалғасуда жəне біз бір отбасыдай қиындықтарға дайынбыз.
Ең бастысы, жанкүйерлер жəне кеудеңдегі эмблема үшін күресу қажет. Артылған үмітті ақтап, "Таразға" қарсы келесі ойынды жеңуге тырысамыз. Сырт алаңда бірден 3 ойын өткізу оңай емес. Алайда, "Қайсарға" қарсы кездесудегідей күрес көрсетсек, міндетті түрде жеңіске жетеміз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или