«Реал Мадрид» сырт алаңда «Малагадан» басым түсті

«Реал Мадрид» сырт алаңда «Малагадан» басым түсті

Испания Ла лигасының 32-ші туры аясында «Малага» командасына қонаққа барған «Реал Мадрид» қиындықсыз жеңіске жетті, деп жазады prosports.kz сайты.

Бүгін <span>«Ювентусқа» қарсы</span> екі кездесуге қатысқан Роналду, Модрич, Марсело қатарлы ойыншылар мадридтік командаға көмектескен жоқ. Бірақ, Иско мен Бензема бастаған жігіттер сырт алаңда 1:2 есебімен жеңіске жетті.

Ойын есебін Иско ашты. Айып алаңына жақын тұста <span>«Малага» қорғаушылары Исконы шалып жыққан болатын</span>. Өз кезегінде испаниялық жартылай қорғаушы айып добын мүлтіксіз орындап, бұрынғы командасына гол соқты.

Ал одан кейін Каземиро көзге түсті. Бразилиялық футболшы ойын үздігі Исконың берген пасын өз пайдасына жарата білді.

Ойын аяқталар тұста, мадридтік команданың жас қорғаушысы <span>Вальехоның қателігін ұтымды пайдаланған алаң иелері бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Осы голдан кейін матчтың ақтық ысқырығы да шалынды.</span>

«Малага» - «Реал Мадрид»  1:2 (0:1)

<span>Гол соққандар: Ролан 90 - Иско 29, Каземиро 63 </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или