Сейдахмет ЦСКА-ға қарсы ойынға қатысқан жоқ
Бүгін Ресей Премьер-Лигасының 26-шы туры аясында «Уфа» өз алаңында ЦСКА командасын қабылдап, тең тарқасты, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Аталған кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Бірінші таймда алаң иелері сапынан Сысуев есеп ашқанымен, ойынның 78-шы минутында қонақтар қатарынан Муса есепті теңестіріп кетті.
Бұл ойынға «Уфа» командасының намысын қорғайтын қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет шақырту алған жоқ. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда Еркебұлан жаттығу кезінде жеңіл жарақат алып қалған көрінеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или