Стойчо Младенов: Команданың өзіне деген сенімділігі артып келеді

Стойчо Младенов: Команданың өзіне деген сенімділігі артып келеді

«Қайсар» клубының бас бапкері Стойчо Младенов баспасөз жиынында «Ертіске» қарсы кездесу жайлы өз ойын білдірді.

-Мен бүгінгі ойын нәтижесі жақсы деп ойлаймын. Алғашқы отыз минут бойы біз қарсыластың аумағында болып, көп шабуыл ұйымдастра білдік. Тіпті ойыншымыз гол соқты. Дегенмен, төреші оны есептеген жоқ. Екінші таймда тең ойын болды деп ойлаймын. Арбитр тағы бір голымызды жоққа шығарды. Менің ойымша, команда сенімділігі артып келеді. Әлі де жұмыс істеу керек. Өз басым нәтиже жақсы деген ойдамын. Тең ойын біздің көңілімізді түсірмейді.

-Неліктен, екінші таймда «Қайсар» ойыншылары физикалық тұрғыдан әлсіреп қалды?

-Себебі, бізге қарсы мықты команда ойнады. Олар жыл сайын Еуропа кубогында өнер көрсетеді. Оған қоса бүгін желдің де әсері болды. Дегенмен, қарсыластардың шабуылдарына төтеп бере алдық. Екінші таймда, шабуылдау жағы бәсеңдегені болмаса, ойыншылар шаршады деп айта алмаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или