Жерард Нус: Сырт алаңда өнер көрсету оңай емес

Жерард Нус: Сырт алаңда өнер көрсету оңай емес

«Ертіс» клубының бас бапкері Жерард Нус баспасөз жиынында «Қайсарға» қарсы сырт алаңда өткен матч жөнінде өз ойын білдірді. <br /><br /><span>-Бірінші кезекте, бүкіл ойыншылар мен команданың барлық қызметкерлеріне атқарлыған үлкен жұмыс үшін алғыс білдіргім келеді. Сырт алаңда өнер көрсету оңай емес. «Қайсар» өте жақсы команда. Оның сапында сапалы ойыншылар көп, олар бүйірлік шабуылда аса мықты.</span><span> Сол себепті біз ойынға тыңғылықты дайындалдық. Матч барысында бізде жақсы мүмкіндіктер болды. Оларды жүзеге асыру қажет еді. Бірақ, болмады. Әйтсе де, жігіттердің өз-өзін аямай, күресетін ниеттері соңына дейін болғандығы байқалды. Сол үшін оларға алғыс айтамын. Енді ҚР кубогының ойыны болады, сырт алаңда «Тараз» ФК-мен кездесеміз, - деді Жерард Нус.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или