Владимир Никитенко: Жақсы команданы жеңдік

Владимир Никитенко: Жақсы команданы жеңдік

Қостанайлық клубтың бас бапкері «Ақтөбе»-«Тобыл» матчына пікір білдірді – 0:1. 

-Бұл ойынды қауіптене күткен едік, себебі «Ақтөбенің» шабуылы өте жақсы, шебер ойыншылары бар, пасты жақсы бере алады. Біз жеңіске деген жігер танытып, мінез көрсеттік, шыдамды болдық. Голды деп кезінде соқтық. Жақсы команданы жеңгенімізге ризамыз. 

-Сіздің ойыншыларыңыз Пиззеллиді айрықша жауып ойнаған секілді. Бұл сіздің нұсқауыңыз ба? 

-Сіздерде Пиззелли, Морис, Рейналдо сынды белді ойыншылар бар, тірек аймақта ойнайтын екі ойыншыны да атап өтуге болады. Оларға мұқият қарау керек болды. Біздің қолымыздан келді. Мүмкін бір-екі мүмкіндіктері болған шығар. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или