«Барселона» Испания чемпионатының рекордын жаңартты
Футболдан Испания чемпионатының 32-ші турында «Барселона» клубы «Валенсияны» қабылдап жеңіске жетті. Кездесудегі есеп 2:1.
Алаң қожайындары қатарында Луис Суарес пен Самюэль Умтити гол соқса, қонақтар Дани Парехоның пенальтиден соққан жалғыз голымен жауап қата алды.
Осылайша «Барселона» Испания чемпионатындағы жеңіліссіз сериясын 39 ойынға жеткізді.
Бұған дейін каталондықтар 38 ойын қатарынан жеңілмей «Реал Сосьедад» командасымен рекордты бөлісіп тұрған.
Соңғы рет «Барселона» 2017-ші жылдың 8-ші сәуірінде «Малага» командасынан ұтылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или