Карлос Алос: Исламхан екеуміздің арамызда ешқандай мәселе жоқ

Карлос Алос: Исламхан екеуміздің арамызда ешқандай мәселе жоқ

«Астана» - «Қайрат» (1:1) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін, алматылық команданың бас бапкері Карлос Алос Феррердің қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Командамның ойыншыларын жігерлі ойын көрсетулерімен құттықтаймын. Ойын барысына келер болсам, тең нәтижеге көңіліміз толған жоқ. Себебі, біз жеңіс үшін дайындалдық. Біз бүгін жеңіске лайықты ойын көрсеттік деп ойлаймын. Алайда, тек бір ұпайға қол жеткіздік. Чемпионат бүгінгі кездесумен тоқтап қалмайды, әлі де жалғасады. «Астана» командасының өте жоғары прессинг көрсетіп, алғашқы 20 минутта шабуылдаумен болатынын алдын ала білдік. Және де біз ойынды бақылауда ұстап, допқа иелік етеміз деген сенім болды. Оның барлығы тікелей өзімізге байланысты болатын. Егер кездесуде бірінші болып есеп ашқанда, біздің команда жеңіске жетер ме еді!? Бүгінгі кездесуде командада гол соғатын өте жақсы мүмкіндіктер болды. Уго Ненад Эричпен бірге-бір шығып, өз мімкіндігін пайдалана алмады. Ал біз өз қақпамызға қарымта шабуылда гол жіберіп алдық. Бір қуантатыны, команда қақпамызға кірген голдан кейін, бастарын түсірмей, ойын ойнауын жалғастырды. Естеріңізде болса, Суперкубок кездесуінде керісінше болған еді.

- Бауыржан Исламханды алмастыруыңыздың себебі неде?

- Ол бүгін алаңда көп жұмыс атқарды. Біз Бауыржаннан орталық алаңда ойнап, команда сол аймақта басымдық көрсетуін сұраған болатынбыз. Оның алаңда көрсеткен ойыны толықтай көңілімнен шықты. Біз ойыншыны алаңда нашар ойын көрсеткен кезде ғана алмастырмаймыз. Тактикалық жүрістер, болмаса ойын барысын өзгерте алатын ойыншылар болады. Біз Аршавиннің алаңда тамаша 20 минут ойнай алатынын білдік. Қос қапталда Вороговский мен Исаэль жақсы ойын көрсетіп жатқанын байқап, Андрейді орталық алаңға шығардық. Айта кетейін, Бауыржан екеуміздің арамызда ешқандай мәселе жоқ. Ол кәсіби футболшы. Жаттығу жұмыстарында оны көрсетіп те жүр. Менің командамда 20 ойыншы бар. Бірде басқа ойыншы ойнаса, енді бірде тағы бір басқа ойыншы алаңға шығады.

- Суперкубок аясында өткен ойыннан бері «Қайрат» командасында не өзгерді?

- Мен ол ойынмен, бүгінгі матчты салыстырмаған болар едім. Наурыз айында «Астана» командасы нағыз спорттық бабында болды. Себебі, оның алдында Лиссабондық «Спортингке» қарсы ресми екі кездесу өткізіп үлгерген болатын. Біздің физикалық мүмкіндігіміз уақыт өткен сайын жақсара түсетінін білдік. Ал «Астана» болса, өте ұзақ уақыт демалыссыз ойнап келе жатыр. Сол себепті, оларға қиын болатыны түсіндікі. Ол кезде екі ұжымның физикалық дайындықтары екі түрлі болды. Бүгін біз өзіміздің нағыз бабымызда екендігімізді көрсетіп, ол ойынмен салыстырғанда мүлде басқаша ойнадық. Және де Ұлттық құрама бапкерінің «Қайрат» ойыншыларының физикалық дайындығы туралы уайымдамауын сұраймын. Себебі, біз бұл мәселені әрдайым бақылауда ұстаймыз.

- Команда сапынан бірнеше шетелдік ойыншылар кетті. Бұл Сіздің шешіміңіз бе, әлде, басшылықтың ба?

- Испанияда, «Кір киімді үйде жуу керек» деген мақал бар. Бұл шешімдер клуб басшылығымен біріге отырып қабылданды.

- Клубтың саясаты қандай? Жас ойыншыларды алдағы уақытта алаңға шығарасыз ба?

- Мен бас бапкермін, сол себепті кімнің ойнайтынын мен шешемін. Мен үшін қазақстандық немесе шетелдік, болмаса жас не кәрі ойыншы деген түсінік жоқ. Мен ойыншыларды жақсы және жаман деп қана бөлемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или