Қазақстандық футболшы «Карабах» сапында жаттығып жүр

Қазақстандық футболшы «Карабах» сапында жаттығып жүр

21 жастағы Қарағанды футбол мектебінің түлегі Акиф Гасанов әзірбайжандық «Карабах» клубымен бірге жаттығып жүр, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Футболшы бүгінде аталған клубтың дубль құрамымен бірге жаттығу жасап жүр. Бірақ, Әзірбайжанда трансферлік терезе жабылып қалғандықтан қазақстандық ойыншы жазға дейін жаңа командасымен келісімшартқа қол қоя алмайды.

Гасанов осыған дейін қарағандылық «Шахтердің» жастар құрамында, «Шахтер U-21», «Шахтер-Булат» (Теміртау) және Грузияның «Гардабани» клубында доп тепкен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или