Юрий Логвиненко «балаларға арналған футбол» науқанына қатысты

Юрий Логвиненко «балаларға арналған футбол» науқанына қатысты

«Астана» Президенттік клубының құрамына енетін «Астана» футбол клубы балаларға арналған футбол науқанын жалғастыруда, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.

Бұл акция бойынша бүгін, яғни 13 сәуір күні №70 мектеп-лицейінің «2»  және «3» сынып оқушыларына ашық дене шынықтыру сабақтары өткізілді. Аталмыш сыныптың оқушыларына ашық дене шынықтыру сабағын «Астана» футбол орталығының жаттықтырушысы Әнуар Төкенов пен елордалық команда қорғаушысы Юрий Логвиненко жүргізді.

Әнуар және Юрий жылдамдық, допты алып жүру, пас беру сияқты футбол дағдылары бойынша балаларға өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ ашық сабақтың қызықты өтуіне «АстанаFF» футбол фристайл мектебінің бапкерлері өз үлесін қосып, іс-шара барысында балалардың көңілін көтерумен болды.

Ашық сабақ соңында №70 мектеп-лицейі оқушылары мен ұстаздарына естелік сыйлықтар мен 14 сәуір күні «Астана Арена» стадионында өтетін «Астана» және «Қайрат» командалары арасындағы ойынға билеттер табыс етілді.

«Астана» футбол клубы стадионның Е8 секторын «отбасылық сектор» жасауды жоспарлап отыр. Ал балаларға арналған футбол науқанының қатысушылары өз ата-аналарымен бірге осы секторда «Астана» футбол клубының өз алаңындағы кездесулерінде елордалық командаға жанкүйерлік ететін болады.

Еске сала кетейік, ертең «Астана Арена» стадионында елордалық «Астана» алматылық «Қайратпен» кездеседі. Ойын 15:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или