«Астана» - «Қайрат» кездесуінің төрешісі анықталды

«Астана» - «Қайрат» кездесуінің төрешісі анықталды

Қазақстан футбол Федерациясының Төрешілер мен Инспекторлар алқасы Премьер-Лиганың 5-ші туры аясында өтетін «Астана» - «Қайрат» арасындағы кездесудің төрешілер құрамын бекітті.

Ойынның бас төрешісі қызметіне Артем Кучин тағайындалды. Бір қызығы, Артем осы маусымдағы екі команданың Қазақстан Суперкубогы үшін өткен алғашқы кездесуінде төрелік еткен болатын. Ол кездесуде елордалық команда 3:0 есебімен жеңіске жетті. Сары қағаздар саны бойынша есеп 1:1. Астаналықтар сапынан Серікжан Мужиков сары қағазбен жазаланды.

Жалпы қарағандылық қазы «Астана» командасының қатысуымен өткен 22 ойында қызмет жасап, 80 сары және 8 қызыл қағаз көрсеткен.

14 сәуір күні Артемге Сергей Калачев (Атырау) пен Евгений Филипчук (Шымкент) көмектеседі. Бас төрешінің көмекшілері: Бақыт Қызылбаев (Ақтөбе) және Сәкен Байымбет (Тараз). Қосалқы төреші: Марат Искаков (Астана). Матч инспекторы: Руслан Дузмамбетов (Өскемен).

Еске сала кетейік, ойын «Астана Арена» стадионында сағат 15:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или