ЧЛ мен ЕЛ-ның жеребесі: Тікелей трансляция
Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жартылай финалының жеребесі тартылады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Астана уақытымен 17:00-де Чемпиондар лигасының жеребесі басталады. Естеріңізде болса ЧЛ-ның жартылай финалына «Реал», «Рома», «Ливерпуль» және «Бавария» клубтары шыққан болатын.
Аталған төрт команданың ішінде тек римдік клуб қана Чемпиондар лигасында топ жарып көрмеген.
Чемпиондар лигасының жартылай финалының кездесулері 24-25 сәуір мен 1-2 мамырға жоспарланған.
Астана уақытмыен <span>16:00-де Еуропа лигасының жеребесі басталады. «Атлетико», «Арсенал», «Марсель» және «Зальцбург» командалары жартылай финалдағы қарсыластарын білетін болады. </span>
Еуропа лигасының ойындары 26-шы сәуірде және 3-ші мамырда өтеді.
Жеребе тарту рәсімін «Qazsport» арнасы тікелей эфирден көрсетеді.