Қанат Мұсатаев: «Тараздан» Сейдахмет секілді таланттар тағы шығады

Қанат Мұсатаев: «Тараздан» Сейдахмет секілді таланттар тағы шығады

«Тараз» футбол клубының директоры Қанат Мұсатаев Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында команданың маусымға дайындығы жайлы айтып, тараздық жас таланттар туралы пікірімен бөлісті.

- Әңгіме басында «Тараз» футбол клубының қазіргі қал-жағдайы туралы айтып берсеңіз.

- «Тараздың» қазіргі жағдайы қалыпты деп айтсақ болады. Өздеріңіз білетіндей, алдымен Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Одан кейін ел қатарлы біз де Түркияға барып, сол жақта маусымға дайындалдық. Түркия жерінде «Тараз» 5 ойын өткізіп, оның басым көпшілігін жеңіспен аяқтады. Тең түскен сәттер де болды. Сол жақта жүріп өзіміздің қазіргі легионерлеріміз – Дудченконы, Говадерицаны таңдадық. Бірінші лигада болсақ та, бізде премьер-лиганың деңгейінде ойнаған футболшылар баршылық. Содан кейін Қазақстан кубогының бастапқы кезеңінде үш ойын өткізіп, бәрінде де жеңіске жеттік. Осының арқасында біз турнирдің 1/8 финалына шықтық. Енді 14 сәуірде павлодарлық «Ертіспен» кездесеміз. Әрине, арасында Бірінші лига ойындары бар. Футболшылардың барлығына тыңғылықты дайындалып үлгеруі керек. Команда қазір толық жасақталған.

- «Тараз» биыл Премьер-Лигаға оралуды жоспарлап отыр ма?

- Енді мақсатсыз адам немесе мақсатсыз команда болмайды. Сондықтан, біздің де алдымызда мақсатымыз бар. Алдын ала ештеңе айтуға болмайды. Өйткені, бұл – спорт, ал спортта түрлі жағдайлар кездеседі. Бірақ біздің түпкілікті ойымыз – «Таразды» бірінші лигадан жоғарғы лигаға көтеру. Сол үшін барымызды саламыз, бірақ, нәтиже қалай болады – жыл соңында көресіздер.

- Маусымның басталғанына ұзақ уақыт өте қойған жоқ. Жалпы, жаңа маусымға дайындық қалай өтті? Сондай-ақ жаңа маусымнан не күтесіз?

- Жаңа маусымға дайындық кестеге сай өткізілді. Біз команданы екі рет оқу-жаттығу жиынына қатыстырдық. Бапкерлерге ойыншыларды асықпай таңдауға рұқсат бердік. Қазір жаңа маусым басталып кетті. Біз оған дайындықпен келдік. Өткен аптада клубтың презентациясын жасадық. Бұл бірнеше жыл бойы қолға алынбай келген шаруа болатын. Жалпы, жанкүйерлердің білуі керек. Өйткені, биыл біздің команда 80 пайызға жаңарды. Презентация кезінде әр футболшыны жеке-жеке сахнаға шығарып таныстырдық. Олардың формасы мен ойын нөмірлеріне дейін видеомен көрсеттік. Сонымен қатар, төрешілер де таныстырылды. Жалпы, презентацияға халық риза болды. Оны біз енді жыл сайын жалғастырамыз. Презентация облыстық телеарна арқылы көрермендерге де көрсетілді.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÒÐ°Ð½Ð°Ñ Ð¼Ò±ÑаÑаев

- «Тараз» қашан да негізгі құрамда жастарды көп шығаратын. Биыл сол дәстүр жалғасын таба ма?

- Әрине, «Тараз» футбол клубы әрқашан өзінің жарқын түлектерімен мақтана алады. Сонымен қатар, негізгі құрамда осы уақытқа дейін қаншама жамбылдық жастар ойнады. Олар – жергілікті Монтажник, Қаратау футбол мектептерінің түлектері. Мәселен, былтырғы маусымда «Тараз» сапында жергілікті тоғыз футболшы ойнаса, биыл олардың саны 18-ге жетіп отыр. Яғни, биылғы «Тараз» командасының 18 ойыншысы жамбылдық жігіттер екенін айтқым келеді. Олар сенімді ақтайды деп ойлаймыз.

- Командадан Еркебұлан Сейдахмет, Бактиер Зайнутдинов секілді жас әрі дарынды футболшылар кетті. Олардың орнын басатын ойыншылар бар ма?

- Олардың орнын басатындар бар әрі алда әлі де шығады. Қазіргі «Тараздан» өткен ойындарда Тұрсынбай, Құлахметов, Мадияр Нұралы сынды жастар өздерін жақсы қырынан таныта білді. Сонымен қатар, Бекзат Шадманов та болашағы бар ойыншы дер едім.

- Сейдахмет пен Зайнутдинов жуырда ғана ұлттық құрамадағы алғашқы матчтарын өткізді. Сіз бұл футболшылардың ойындарына қандай баға берер едіңіз?

- Әрине, Еркебұлан Сейдахмет – Тараз футбол мектебінің түлегі ғана емес, барша қазақ елінің мақтанышы. Бактиер Зайнутдионов та сол. Тараздың қарапайым ғана баласы. Бірақ, қазір ел футболында мықты ойыншы болып қалыптасып келеді. Сейдахметті тауып, оның бағын ашқан тараздық «Монтажник» командасының басшысы Хутиди болатын. Сол үшін де Хутидиге деген алғысымыз шексіз. Жас ойыншылардың ұлттық құрама сапындағы ойындарына оң баға беремін. Бұл екі ойыншы қазақ футболындағы жаңа толқын, жаңа құбылыс дер едім.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или