Буффон: Төрешінің кеудесінде жүрек емес, қоқыс жәшігі тұр

Буффон: Төрешінің кеудесінде жүрек емес, қоқыс жәшігі тұр

«Ювентустың» қақпашысы Джанлуиджи Буффон Чемпиондар лигасындағы «Реал Мадридке» қарсы матчта қазылық еткен төрешіге көңілі толмаған.

«Төрешінің кеудесінде жүрек емес, қоқыс жәшігі тұр. Мұндай матчта және мұндай стадионда жұмыс істеу үшін қажетті мінезің болмаса, әйелің мен балаларыңды алып, «Спрайт» ішіп трибунада отырған дұрыс. Команданың арманын бұзуға болмайды», - деді Буффон.

Айта кетейік, кеше «Ювентус» «Реалдан» 1:3 есебімен ұтылып, Чемпиондар лигасынан ұшып кеткен. Ал Буффон матч соңында алаңнан қуылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или