«Qazsport» Еуропа лигасының бір матчын көрсетеді

«Qazsport» Еуропа лигасының бір матчын көрсетеді

Бүгін футболдан Еуропа лигасының ширек финалдық қарымта матчтары өтеді.

«Qazsport» телеарнасы бір ойынды тікелей эфирде көрсетпек. Лиссабондық «Спортинг» өз алаңында мадридтік «Атлетиконы» қабылдайды. Трансляция Астана уақытымен 00:50-де басталады.

Айта кетейік, Мадридте өткен алғашқы ойында «Атлетико» «Спортингті» 2:0 есебімен жеңген еді.

Естеріңізде болса, «Спортинг» Еуропа лигасының 1/16 финалында елордалық «Астананы» жарыс жолынан шығарған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или