Қазақстан ФИФА рейтингісінде 17 орынға көтерілді
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА-ның жаңартылған рейтингісінде 17 сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
2018 жылдың наурызында біздің құрама 136-шы орында тұрған еді. Өткен айда Қазақстан екі жолдастық матч өткізді. Алдымен Венгрияны 3:2 есебімен жеңсе, кейін Болгарияға есе жіберді – 1:2. Осы ойындардың арқасында Қазақстан жаңартылған рейтингіде 119-орынға көтерілді.
Естеріңізге сала кетсек, 1 наурызда Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне болгариялық Станимир Стоилов тағайындалған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или