«Бернабеудегі» драма

«Бернабеудегі» драма

Чемпиондар лигасы ширек финалының сәрсенбідегі қарымта матчтары да драмаға толы болды.

Мюнхендегі кездесуден ешкім ерекше нәтиже күте қоймаған болар. «Бавария» сырт алаңдағы жеңісті өз үйінде қайтара салатын команда емес. Нәтижесінде «Севилья» да Чемпиондар лигасымен абыройлы қоштасты деуге болады. «Бавария» мен «Севильяның» қарымта матчында есеп ашылған жоқ – 0:0. Алғашқы ойында жеңіске жеткен германиялық клуб жартылай финалға өтті.

Ал қызықтың бәрі «Сантьяго Бернабеу» стадионында болды. Кеше отандастары «Романың» ерлігінен шабыттанды ма, «Ювентус» та «Реалға» қарсы ойында алғашқы минуттан алға ұмтылды. Өткен аптада өз алаңында «Реалдан» 0:3 есебімен ұтылған туриндік клубқа кем дегенде сол есепті қайталау керек болатын.

Матч жылдам голмен басталды. Марио Манджукич 2-минутта есеп ашты. Ал 37-минутта Манджукич алаң иелерінің қақпасына екінші голын соқты. Үзілістен кейін Блейз Матюиди қақпашының қателігін сәтті пайдаланып, есепті 3:0-ге жеткізді.

Күтпеген жерден камбэк болып, матч овертаймға қарай сырғи бастаған. Тек соңғы секундтар матч тағдырын шешіп кетті. Мехди Бенатиа өз айып алаңында Лукас Васкесті құлатып тастап, төреші пенальти белгіледі. Бұл аз болғандай, төрешіге қарсы шыққан Джанлиуджи Буффон алаңнан қуылды. Ал нүктеге келген Криштиану Роналду өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Қорытынды есеп – 1:3. Қос матчтың қорытындысы бойынша «Реал» 4:3 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или