«Реал» мен «Бавария» жартылай финалға еш қиындықсыз шығады

«Реал» мен «Бавария» жартылай финалға еш қиындықсыз шығады

Чемпиондар лигасы ерекше турнир екендігін бұған дейін де бірнеше рет айтқанбыз. Бұл жерде аутсайдер деген болмайды. Плей-офф кезеңіне шыққандардың бәрі мықты. Сенбесеңіз кеше «Ромамен» кездескен «Барселона» ойыншыларынан сұраңыз.

Бүгін өз алаңында «Реалдан» 3:0 есебімен жеңілген «Ювентус» клубы Мадридке қонаққа келеді.

Чемпиондар лигасында соңғы екі жыл қарсылас шыдатпаған «Реал» жартылай финал тағдырын алғашқы ойында ақ шешіп тастады. Бүгін өз алаңында өтетін ойында сол алғашқы ойындағы үш доп айырмашылығын ұстап қалса жеткілікті. Ал «Ювентус» ойыншыларына бүгін жоғалтар ештеңе жоқ. Туриндік клуб ойыншыларына айтарлықтай қысым да жоқ. Италияндық клуб жанкүйерлері де мадридтік команданың мықты екендігін мойындайды. Бүгінгі ойында өткен сенбідегі мадридтік дербидің сценарийі қайталануы мүмкін.

Болжам: Екеуі де гол соғады. 1.66 коэфицент

Чемпиондар лигасында соңғы төрт жылда испандық клубтар топ жарды. Үш рет «Реал», бір рет «Барселона». Біздіңше испандықтарды тоқтататын жалғыз клуб «Бавария» сияқты көрінеді. Хайнкес Чемпиондар лигасы, Германия Бундеслигасы және Германия Кубогында топ жарып демалысқа кетіп еді, мюнхендік клубтың жолы болмай қойды. Бірнеше бапкер ауыстрғаннан нәтиже шықпаған соң ардагер Хайнкесті қайта шақырып алды. Хайнкес бапкер соңғы жетістігін қайталауды теріс көрмейді. Германия Бундеслигасы қоржында. Қалғаны Чемпиондар лигасы мен Германия Кубогында топ жару.

Бүгін оларға испандық тағы бір клуб «Севилья» қарсылас атанады. Алғашқы ойында сырт алаңда бір доп айырмашылығымен жеңіске жеткен. Бүгін ірі есеппен жеңіске жетіп жатса таңғалмаймыз.

Болжам: «Бавария» -2,5 форамен жеңіске жетеді. 2.52 коэфицент

Болжам: «Реал» мен «Бавария» кездесуінде сары қағаздар саны 5,5-тен көп болуы тиіс. 3.9 коэфицент.

Үш болжамның қосындысы 16,31 коэфицентке тең.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или