Калининнің голы - наурыз айының үздігі

Калининнің голы - наурыз айының үздігі
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Чемпионатының наурыз айының үздік гол авторын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама өткізді.
Қорытынды сауалнамаға Премьер-лиганың алғашқы үш турының сауалнама жеңімпаздары кірді: 1 тур үздік гол авторы - Марин Томасов, 2 тур үздік гол иегері - Илья Калинин және үшінші тур нәтижесі бойынша үздік гол соққан ойыншы - Патрик Твумаси. 
 
Сауалнама Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында және "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі ҚКФЛ тобында өткізілді.
 
Жанкүйерлер таңдауының қорытындысы келесідей:
1.   Илья Калининнің голы (Ертіс – Ақтөбе 2:1) – 210 дауыс (50,5%)
2.   Марин Томасовтың голы (Астана – Ақжайық 3:0) – 165 дауыс (39,7%)  
3.   Патрик Твумасидің голы (Астана – Қайсар 2:0) – 41 дауыс (9,9%)
 
Илья Калининнің "Ақтөбе" қақпасына айып алаңының сыртынан соғылған добы 2018 жылдың Қазақстан Чемпионатының наурыз айының үздік добы атанды. Аталған гол Чемпионат аяқталғаннан кейін өткізілетін маусымның қорытынды сауалнамасына қатысады. 
<iframe width="640" height="360" src="https://www.youtube.com/embed/CKa2n05yncM" frameborder="0" allow="autoplay; encrypted-media" allowfullscreen></iframe>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или