Алаба мен Видаль «Севильямен» ойынға қатыспайды

Алаба мен Видаль «Севильямен» ойынға қатыспайды

«Бавария» клубының бас бапкері Юпп Хайнкес команда ойыншылары Артур Видаль мен Давид Алаба Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Севильямен» болатын қарымта кездесуге қатыса алмайтындығын жеткізді. Бапкердің сөзінше екі ойыншы да жарақатынан жазылып үлгермеген. 

– Видаль бейсенбі күні қатарға қосылу керек. Алаба болса командамен жаттығып жүр. Алайда біз оған артық жүк артқымыз келмейді. Екі ойыншы «Cевильямен» ойынға қатыспайды, – дейді Хайнкес. 

Естеріңізге салсақ, қос команда арасындағы алғашқы кездесуде неміс командасы 2:1 есебімен жеңіске жеткен. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или