Икер Касильяс америкалық клубқа ауысуы мүмкін

Икер Касильяс америкалық клубқа ауысуы мүмкін

«Порту» футбол клубының қақпашысы Икер Касильяс MLS-тегі америкалық «Чикаго Файр» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz сайты Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Америкалық клуб өкілдері 36 жастағы ойыншыны өткен жылдың желтоқсан айында өз қатарына қосқысы келген. Алайда қысқы трансфер барысында команданың бұл ойы орындалмаған болатын.

Бірақ «Чикаго Файр» командасы танымал испаниялық қақпашыға деген қызығушылығын жоғалтпаған. Олар Еуропадағы футбол маусымы аяқталған соң, жоғарыда аталған трансферді жүзеге асырмақ.

Айта кетейік, «Порту» клубы Икер Касильясты сататыны жөнінде бірнеше рет хабарлаған. Себебі танымал спортшының португалиялық командадағы жалақысы өте жоғары екен.

Бірақ аталған клубтың президенті Пинту да Кошта кенеттен испаниялық қақпашыны команда сапында қалдыру жөнінде шешім қабылдаған.

Естеріңізге сала кетейік, Икер Касильяс 2015 жылы мадридтік «Реалдан» «Порту» клубына ауысқан .

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или