Жекешелендіру аясында қостанайлық «Тобыл» футбол клубының 50% үлесі 1 мың теңгеге саудаға қойылады, деп хабарлайды prosports.kz сайты Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Тобыл» футбол клубының үлесі мың теңгеге сатылады
Сауда 2018 жылдың 26 сәуіріне белгіленген. Ол тендер аясында жүргізіліп, үлеске ие болған азаматқа мүлік сеніп тапсырылады. Сондай-ақ, оған клубты сатып алуға құқық беріледі.
Саудаға қатысушылар үшін кепілдік жарнасы 150 теңгені құрайды.
Клубтың жаңа қожайыны футбол клубының профилін 10 жыл сақтауы қажет.
«Тәуелсіз бағалау заң орталығының» мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың 15 наурызында «Тобыл» футбол клубының үлесі 1 мың теңгеге бағаланған.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «Тобыл» футбол клубы 95 млн теңгеге сатылымға шығарылып, өтпей қалған.
Алғашқы сатылымға ешкім қатыспаған. Кейін «Тобылдың» құны 4 есеге құлдырады. Сөйтіп, клубтың 50 пайыз еншісі 24 миллион теңгеге сатылымға шығарылып, аталған соманы бөліп төлеуге мүмкіндік берілді.
Алайда аталған клубты сатып алуға ешкім қызығушылық танытпаған.<span><br /></span>