«Астана» «Ертіске» қарсы кездесулердегі ең ірі жеңісіне қол жеткізді
«Астана» төртінші турда «Ертіс» командасын 6:1 есебімен жеңіп, павлодарлықтарға қарсы кездесулердегі ең ірі жеңісіне қол жеткізді, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Осыған дейін астаналықтар павлодарлықтарды 2011 жылы «Астана Аренада» 4 доп айырмасымен жеңген. Ол кездесу 5:1 есебімен аяқталған. Сол кездесуде дубль авторы атанған Драган Богавац аталмыш ойынның ең нәтижелі ойыншысы атанған еді.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Екі команда арасындағы кездесулерде үш рет 3:0 нәтижесі тіркелген. 2010, 2012 және 2016 жылдардағы «Астана Аренадағы» ойындар, және де 2015 жылғы Павлодардағы ойын дәл осындай есеппен аяқталған. </span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Әділдік үшін айта кетейік, «Ертістің» ең үлкен жеңісі 2011 жылы тіркеліп, яғни Павлодар Орталық стадионында алаң иелері сол кездегі «Локомотивке» жауапсыз бес гол соққан болатын.<span> </span></span>